Компьютер жүрегі процессор

Август 15, 2007 at 5:29 дп 1 комментарий

Core_2_Duo_E6300Процессор

Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Сіздің компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді. Машиналардың маркалары мысалға (BMW 525i, Mercedec600) сяқты процессорлардың да  номерлері бар. Celeron D 330 немесе Pentium 4 640. Процессор (микропроцессор)-компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы-арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина  (сыртқы әлеммен байланысу схемасы).

Процессордың разрядтылығы. Сыртқы шина арқылы процессорға ақпарат түседі-мәліметтер және командалар. Бұлар арифметика логикалық құрылғыда өңделеді.  Процессордың схемаларының разрядтылығы қаншалықты көп болса соншалықты ақпаратты тез өңдейді.

 Процессордың жиілігі (частота). Разрядтылықтан басқа процессорда маңызды қызмет атқаратын ол тактылық жиілігі. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц ол секундына миллион такт болады. 100 МГц – секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактыда процессор қандайда бір фрагментті есептейді. Сондықтан тактылық жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады.

Процессордың кэш жадысы. Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсеніде сақтамайды. Ода мәліметтер өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. Кэш бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі. Егер бұл мәліметтер тағы керек болып жатса, алысқа жүгінбей буферден ала салады. Процессорға мәлімет керек болса, ол бірінші регистрді тексереді. Ол жерде керек мәлімет жоқ болса, жақын жердегі кэш жадыны тексереді. Ол жердеде жоқ болса оперативті жадыдан қарайды. Бұл жерде де жоқ болса, HDD дискіге сұраныс жасайды. Бұл атқарылатын жұмысты төмендегі суреттен көруге болады. Суретті толық көргіңіз келсе тышқанмен шертіңіз.

Процессор жұмысы

 Менің ұсынатын процессорым Intel Core 2 Duo E4400 ( 2ГГц жиілік, 2Мб кэш-жады және 800МГц шина жиілігі), бұл көп мөлшердегі мәліметтерді есептеуге тиімді. Мысалға графикалық файлдармен, видео мәліметтермен ойланбай жұмыс жасай бересіз. Бұдан төмендеген сайын сіздің компьютеріңіз баяулай түседі. Мысалға: (Celeron (R) 2,53Ггц). Бірақ жай кеңсе жұмыстарына, үйде жұмыс жасағанға жарамды.  

Entry filed under: Компьютер жүрегі процессор. Tags: .

Компьютер құрылғылары IT-қатысты терминдер

1 комментарий Add your own

  • 1. umirbek  |  Январь 29, 2010 в 1:37 дп

    Mәссаған менікі Intel Core(TM) 2 Quad CPU Q9400 @2.66GHz (4CPUs), Memory 4096MB RAM

    Ответить

Добавить комментарий

Fill in your details below or click an icon to log in:

Логотип WordPress.com

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Изменить )

Фотография Twitter

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Изменить )

Фотография Facebook

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Изменить )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Подписаться на комментарии через RSS-ленту


 

Август 2007
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл   Дек »
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Blog Stats

  • 9,296 hits

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.