Мамандығым

%d0%bc%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%93%d1%8b%d0%bc         Көп жолдастарым, туыстарым сурап жатады осы сен не істейсін мамандығың не деп мен қысқаша ғана байланыс саласында инженермін деймін орысша айтқанда связист. (Ағылшынша бірнеше атауы бар: RF engineer, RNO/RNP engineer, Optimization engineer) Мамандығым жайлы қысқаша ғана айтып кеткім келіп отыр. Егер қызығушылық білдіріп жатқандар болса кейінірек бірнеше мысалмен толығырақ тоқталып кетуге болады.  Мүмкін балаларыңыз немесе інілеріңізге мамандық таңдауда қиналып жүрген шығар, қажеттеріңізге жарап қалар. Мамандық таңдау ол бұл өмірдегі ең маңызды белестердің бірі және ол саған ұнайтын болу керек міндетті түрде, ұнау үшін табысы да жақсы болу керек. Көп адам мамандық таңдағанда төрт нәрсеге көңіл бөлгені жөн: ең бірінші оның ақшасына қарайды қаншалықты табысты, екінші егер мен игеріп жатсам қаншалықты бұл мамандық сұранысқа ие, егер жұмысқа тұрып жатсам қай деңгейге дейін көтерілем және қай мекемелерде қызмет атқара алам.

%d1%82%d0%b5%d0%bd%d0%b3%d0%b5Бірінші ең бастысы ақша: Егер сіз осы мамандықты бітіріп жұмысқа тұрып жатсаңыз жалақыңыз орташа есеппен 150 мыңнан 600 мың ға дейн, жалақыңыз сол компанияға қаншалықты маңыздысыз соған байланысты.  Егер сізсіз жұмыс жүрмей тоқтап қалатын жағдай болып жатса жалақыңыз оданда көп болуы мүмкін. Ең жоғарғы жалақыға сіз бір екі жылдың көлемінде қол жеткіземін деп ойламаныз, ең азы төрт жылдық тәжірибеден кейн. Барлығы сіздің қабілетіңіз ге, жұмысты қаншалықты тез және сапалы істейсіз, кез келген қыйындықты қалай шешесіз және қаншалықты маңыздысыз соған байланысты. Қазақстанда 3-4 жыл істеп жақсы тәжірибе жинап шетелге шығуға мүмкіндік көп өйткені бұл мамандық шетелде таптырмайды әрине өз ісіңізді жетік меңгеріп жатсаңыз. Шетелде көбіне бұл мамандық бойынша Үндістан, Пакистан, Мысыр елдерінің азаматтарын кездестіруге болады. Шетелде айлық шамамен 3000-10 000 АҚШ доллары, виза, жол, жататын орын жұмыс беріушінің мойнында.

Екінші: Қаншалықты сұранысқа ие? Бұл мамандықсыз еш бір байланыс операторлары жұмыс жасамайды мысалға біздің елде: Kcell, Beeline, Tele2 және осы операторларға қызмет көрсететін құрал жабдық иелері немесе бұларды вендор деп атайды Huawei, Ericsson, ZTE, Nokia компаниялары. Егер вендор мен байланыс операторы арасында келісім шарт болып жатса онда вендорда жұмыс істеген дұрыс ақшасы жоғарылау.

Үшінші: Сіз жоғарыда аталған компанияларда қарапайым инженерден компанияның техникалық директорына (CTO) дейн қызмет атқаруға болады.

Неден бастау керек, егер мектепте оқып жүрсеңіз физика, информатика және математиканы орташа деңгейден жоғары білу керек. Ағылшын тілін жетік меңгерген жөн, өйткені бүкіл құрал жабдық шетелдік болғаннан кейн ағылшынша білмесеңіз жоғарыдағы жетістіктерге қол жеткізу қиын мүмкін де емес. Жұмыстың сексен пайызынан астамы Microsoft Office Excel де болғаннан кейн бұл бағдарламаны жетік меңгеру керек. Егер Excel де VBA (Visual Basic for Applications) программа құра білсеніз ол тіптен жақсы. Сол үшін арнайы курстарға барып уйренуге кеңес берем мектептен бастап, егер жоғарғы оқу орнында оқып жүрсеңіз әлі де кеш емес.  Жұмысты автоматтандыру есебінен жұмыс көлемін жүз пайыздан сексен жетпіс пайызға азайтуға болады. Бұл сіздің артықшылығыңыз және әріптестеріңіздің алдында бір саты жоғары тұрасыз. Microsoft Power Point та әдемі тартымды, кез келген адамға түсінікті қылып презентация жасауға тура келеді. Бұл сенің апталық, айлық, жылдық жетістікті тапсырыс беруші компанияларға (Custmer) манаджментке есеп беру үшін қолданылады. Қалған күнделікті қажет бағдарламаларды жұмысқа кіргеннен кейн үйренесіз. Жоғарғы оқу орындарынан мына мамандықты таңдасаңыз болады: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар немесе басқа телекоммуникация саласына қатысты мамандық, Программист те болады.

Реклама

IT-қатысты терминдер

ИНФОРМАТИКА ИНФОРМАТИКА INFORMATION SCIENCE
Абонент сети/ абонентная линия/ Желі абоненті/абонент желісі Net abonent / abonent line
Авария головки, диска Бас, диск апаты Head, disk crash
Аварийная разгрузка, ситуация Апаттық босату, жағдай Abnormal unloading, situation
 Аварийное завершение  Апаттық аяқталу  Abort
 Автозагрузка/автозагрузчик/  Автожүктеу/автожүктеуіш  Autoload / autoloader/
 Автозапуск  Автоқосу  StartUp
  Автоматизация вычисления  Есептеуді автоматтау  Automation of calculation
 Автоматика (автоматический)  Автоматика (автоматикалық, авто-)  Automation (automatik, auto-)
 Автоматически обнаружить  Автотабу  To autodetect

Читать далее

Компьютер жүрегі процессор

Core_2_Duo_E6300Процессор

Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Сіздің компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді. Машиналардың маркалары мысалға (BMW 525i, Mercedec600) сяқты процессорлардың да  номерлері бар. Celeron D 330 немесе Pentium 4 640. Процессор (микропроцессор)-компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы-арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина  (сыртқы әлеммен байланысу схемасы). Читать далее

Компьютер құрылғылары

Мен блогыма не жазам деп көп ойландым. Соңында шешкенім блогыма бірте-бірте компьютердің құрылғылары туралы жазуға бел байладым, өйткені көп адамдарды компютерлердің құрылғыларының жұмбақ аттары ойландырады. Компьютер алғанда да ақшаны не нәрсеге жұмсағанын түсінбейді. 

Компьтердің құрылғыларын не үшін білуіміз керек.Өзіміздің қаржымызға, онымен атқарылатын жұмысқа сәйкес бізге қандай компьютер керек екендігін елестетейік. Әрине ол үшін біз компьютердің құрылғыларын және ол құрылғылардың атқаратын жұмыстарын білуіміз керек. Өмірінде бірінші рет компьютер алайын деп тұрған адамға 2 түрлі кеңес бергім келеді. Читать далее